Құрметті достар! Біздің Компания кез келген адамға автокөлік сатып алуға көмектесу үшін құрылған. 2012 жылдан бастап біздің компания 1 100-ден астам клиенттердің әрманын орындады және 500-ден астам автокөлікті сатып алды. Біреулер үшін арман орындалды, ал біреулер көлікпен жылдам және қозғалысқа икемді бола түсті. Біздің басты қағидаларымыздың бірі клиентпен қарым-қатынас жасауда адалдық пен кәсіби мамандық болып табылады. Шын мәнінде, адалдыққа негізделген өзара қатынастар — бұл бір-біріне сенім.
Біздің тарапымыздан кәсібилік документация жүргізуде және клиентті ынтымақтастық барысында құқықтық қолдауда көрінеді. 29 маусымда «DosAuto» ЖШС өзінің жетінші туған күнін атап өтеді, сондықтан кеңселердің жұмыс кестесі біршама өзгереді, атап айтқанда: 29 және 30 маусым — демалыс күндері. 1 шілдеден бастап біздің кеңселердің есіктері қалыпты режимде барлық ниет білдіргендерге ашық болады. Біздің Компанияға жүгінген барлық клиенттерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз және әрқайсысына өз арманын орындауын тілейміз!