Табысты растауды талап етпейміз
Құжаттарға минималды талаптар!
Төлемдер бойынша кестенің мерзімі – 3 жылға дейін, бұл ай сайынғы төлемді азайтуға және өзіңіз үшін оптималды қаржылық жүктемені таңдауға мүмкіндік береді. Алдын ала айыппұлсыз және тіпті жеңілдікпен өтеу мүмкін. Яғни, алдын ала өтеген кезде сіздің қалған қарызыңыз жеңілдік көлеміне дейін азаяды. Ешбір банк немесе қаржы ұйымы мұндай шартты ұсынбайды, керісінше, клиенттердің мұндай операцияларын шектейді. Біз сізден тезірек есептесуіңізді қалаймыз. Сонда біз басқа адамдарға өз көлігіне қол жеткізуге көмектесе аламыз.
Барлық төлемдер автокөлік сатып алу мәмілесі кезінде теңгемен бекітіледі, доллар бағамының өсуі жағдайында – сіздің төлеміңіз өзгеріссіз қалады!
Біздің клиенттердің тәжірибесі, инфляция мен автокөлік бағаларының өсуі бізбен серіктестікті өте тиімді ететінін көрсетті. 2016 жылдан бері автокөлік бағаларының өсуі клиенттерге бізбен өте тез есептесіп, сондай-ақ пайда алуға мүмкіндік берді.
Көлік құнының 20%-дан бастапқы жарна. Бұл ретте ең төменгі сомасы 100 000 теңгеден кем болмауы тиіс.
Біз сізді көліктің жасымен шектемейміз. Кез келген пайдалану мерзімі бар көлікті таңдауға құқылысыз.
Құжаттардың минимумы! Көлікті жалдау келісімшартын рәсімдеу үшін жеке куәлік пен жүргізуші куәлігі жеткілікті
«DosAuto» ЖШС арқылы сатып алынатын әрбір көлік заңды тұлғалар үшін анықталған тарифтер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікке (АҚЖ) міндетті сақтандыруға жатады. Ерекше жағдайларда, «DosAuto» ЖШС көліктері белгіленген тарифтер бойынша КАСКО сақтандыруға жатады.
Науқандар кезеңінде шарттар жоғарыда сипатталғандардан өзгеше болуы мүмкін, бірақ бұл әрқашан тұтынушы үшін тиімді болады.
Сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда, Компания алдымен тұтынушының төлем қабілетіне әсер етпеуіне мүдделі. Тұтынушының Компанияға берешегі болмаған кезде, сақтандыру төлемі клиентке ЖКО салдарын жою үшін беріледі.
Әр тіркелген көлік «Төлемді қорғау» жүйесімен жабдықталған, ол блоктау функциясы мен салынған GPS навигациясымен.
Клиент осы құрылғыны орнату туралы хабардар етіледі және онда атқарым шарттары сипатталған «Келісім шарты»на қол қояды. Шарт мерзімі аяқталғаннан кейін немесе автокөлік алдын ала сатып алғаннан кейін бұл жүйе демонтаждалады, өйткені ол ЖШС «DosAuto»ның меншігі болып табылады.
Клиенттің компаниямен өзара қарым-қатынастары келісімшартпен реттеледі. Келісімшартта көлікті пайдалану және иелену туралы барлық негізгі мәселелер көрсетілген, шарттың әрекет ету мерзімі ішінде тараптардың құқықтары мен міндеттері анықталған. Компания іскерлікті мүмкіндігінше ашық жүргізуге ұмтылады, сондықтан келісімшарт компаниямен әрекеттесу кезіндегі негізгі құжат болып табылады.
«Өркен» іскерлік орталығы, Бейбітшілік көшесі, 25-үй, 1 қабат, №117 кеңсе